KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885019
2019 жылы:  18734
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.08.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында ақын, аудармашы, әдебиеттанушы Қайнекей Жармағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қайнекей қалдырған қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қайнекей Жармағамбетов 1918 жылы Торғай облысы Шиелі  ауылында дүниеге келген (қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шиелі ауылы). 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін үздік (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет), 1949 ж. аспирантурасын бітірген.
Қайнекей Жармағамбетов өзінің еңбек жолын 1941 жылдан бастап Қазақстанның Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО ОК-нде  хатшысы, 1948-1958 жылдары аға оқытушы, Абай атындағы Қаз.ПИ-де директордың орынбасары, 1958-1964 жылдары «Ара» ̶ «Шмель» республикалық сатира журналының бас редакторы, 1964 – 1974 жылдары шығармашылық жұмыста.
   Қ.Жармағамбетовтың алғашқы шығармалар жинағы «Заман біздікі» 1950 ж. жарық көрді. Ол «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957) өлеңдер жинағының авторы. Қ Жармағамбетов қазақ әдебиет поэзиясындағы баллада жанрының  дамуына елеулі үлес қосқан. И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Ф.Шиллер, А.Барто, П.Ершов және тағы басқа да ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (1948, 1951, 1960) және орта мектепке арналған «Қазақ Совет әдебиеті» оқулықтарының (1948, 1951) авторларының бірі.
   Қ.Жармағамбетов өзінің шығармашылық жылдарында бес өлең жинағын, қазақтың танымал әншісі Әміре Қашаубаев туралы «Әнші-азамат» (1951) повесін және жоғары институттың студентері үшін А.М.Горький, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығы туралы монографиялық еңбектерін жазған автор.
   Үш рет «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен  марапатталған. Оның есімі Жангелдин ауданындағы орталық кітапханаға және Қостанай облысы Торғай аулына бір көшеге берілген. Шила ауылында мемориальдық мұражайы және ескерткіші орнатылған. 
   Қ Жармағанбетов 1974 жылы Алматы қ. қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармалары, ол туралы мерзімді басылымдар беттерінде мақалалар мен естеліктер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование