KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057502
2019 жылы:  123037
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.08.2018

   2018 жылғы 29 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда  түрік тілінде жазылған  қазақ жазушылары кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара Алматыдағы Түркияның Бас консулдығымен бірлесіп өткізілді.

   Іс-шарада қазақ жазушыларының түрік тіліндегі шығармалары: Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», Т.Жомартбайұлының «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» таныстырылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып,  Алматыдағы Түркияның Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Кечиорен ауданының әкімі   Мустафа Ак, Алматы облысы  Жамбыл ауданының әкімі  Бағдат  Әлиев, жазушы Манарбек Ізбасаров сөз сөйледі. Сондай-ақ, шараға Кечиорен ауданының мәслихат депутаттары,  белгілі мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
   Тұсаукесер рәсімін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізді.
   Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан  «Қазақстан-Түркия: рухани жаңғырудың жаңа бағытында» атты кітап көрмесі мен слайд-шоу ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мен Түркияның достығы, тарихи-мәдени байланыстары және түрік, қазақ ақын- жазушыларының қазақ, орыс және т.б. тілдердегі кітаптары қойылды.
   Тұсаукесер рәсімінен соң, Кечиорен ауданының әкімі  Мустафа Ак Ұлттық кітапханаға Алланың 99 есімі жазылған кітапша мен алғыс хат табыс етті.

     

       

     

                                       

 



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование