KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057539
2019 жылы:  123074
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.09.2018

   2018 жылғы 5 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залында журналистерге баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шара 10-12 қыркүйек күні белгілі заманауи жазушылардың Халықаралық форумының өтуіне орай ұйымдастырылды.

   Іс-шараны ұйымдастырушы: Халықаралық ПЕН-клубтың Президенті Бигелді Ғабдуллин.
   Баспасөз-конференциясында а.ж. 10-12 қыркүйек күні Достық Үйінде (Алматы қаласы) «Құбылмалы әлемдегі қазіргі заманғы әдебиеттің рөлі» тақырыбында өтетін Халықаралық жазушылар форумы талқыланды.
   Мәдени шараға 17 мемлекеттен, оның ішінде Франция, АҚШ, Англия, Польша, Израиль, Қытай, Палестина, Түркия, Моңғолия, Германия, Чехия, Ресей және т.б. елдерден аса көрнекті сөз зергерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылғы Нобель сыйлығының номинанты Атанас Ванчев де Трасси (Франция), Януш Вишневский (Польша), Сэндоогийн Хадаа (Моңғолия), Ханаан Аваад (Палестина), Алексей Цветков (Ираиль), Юсуф Амине Элалами (Марокко), Бақыт Кенжеев (АҚШ), Сергей Гандлевский (Ресей) сынды әлемге әйгілі жазушылар қатысады.
   Форумның бірінші күні, 10 қыркүйекте «Рахат Палас» қонақ үйінде қатысушылар «ХХІ-ші ғасыр мәселелері және әдебиет» тақырыбында  кездесу өткізеді. 11 қыркүйекте жазушылар мен ақындар жаһандану жағдайындағы  ұлттық әдебиет мәселелерін талқылайды. Іс-шараны Бақыт Кенжеев, Сергей Гандлевский және Алексей Цветков жүргізеді.
   Форумның соңғы күні, 12 қыркүйек сағат 19.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ақындардың қатысуымен үлкен поэтикалық кеш өтеді.

     


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование