KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056565
2019 жылы:  122100
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.09.2018

   2018 жылғы, 18 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ұйғыр аналары кеңесінің төрайымы Теипова Тұрсынайдың «Уйғур алимәлири – Уйгурские женщины-ученые» атты энциклопедиялық кітабының тұсаукесері өтті.

   Бұл кітапта ғылымның дамуына үлес қосқан және ғылыми дәрежесі бар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Америка, Канада, Япония мен СУАР (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) 175 ұйғыр ғалым әйелдерінің өмір жолы мен ғылыми қызметі баяндалған.
   Жалпы оқырман қауымға арналған жинақта «Уйгуроведение и уйгурские ученые» атты кітап авторлары И.Исмайилов, А.Бараев және СУАР аудандық қызметкері Межит Насырдан алынған құнды мағлұматтар берілген.
   Тұсаукесерге БҰҰ мүшесі, отставкадағы генерал-майор, халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Қауымдастығының төрағасы Әбен Нұрманов, «Түрік әлемі» газетінің редакторы, Дуния мұсылмандары қоғамының төрағасы Ахмет Бий, Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының профессоры, корреспондент-мүшесі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институның аға ғылыми қызметкері А.Тиливалди, Республикалық «Ұйғыр авази» газетінің редакторы Е.Әсмәтов, сондай-ақ басқа да ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, қоғамдық кеңес белсенділері, ұстаздар, ақын-жазушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

     

                                                

 

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование