KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056662
2019 жылы:  122197
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2018

   2018 жылғы 19 қыркүйек Н.Дәулетова атындағы залда Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шолохов, Пушкин атындағы сыйлықтарының иегері, көрнекті классик жазушы Анатолий Степанович Ивановтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Ұйымдастырушы: Анатолий Степанович Иванов атындағы қор.
   Анатолий Иванов 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келді. 1946-1950 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Ол кеңес, орыс және қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан жазушы. «Вечный зов», «Тени исчезают в полдень», «Повитель», «Ермак» шығармаларының авторы. Осы туындыларға арналған фильмдер түсірілген.
   Іс-шараның жүргізушісі Нұрпейісова Гүлдана Хасенқызы болды.
   Іс-шараға Ресей Федерациясының ҚР-ғы консулы Ирина Переверзева, техника ғылымдарының докторы, профессор Людмила Воронина, «Ғасыр анасы» қорының президенті Жанна Доспаева және т.б.  белгілі мәдениет қайраткерлері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.
   Іс-шара аясында деректі фильм көрсетілімі, концерттік бағдарлама, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     

                                            

 

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование