KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884543
2019 жылы:  18258
бүгiн:  334
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2018

   2018 жылғы 19 қыркүйекте Е.Тұрсынов киноклубында «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ұлттар бірлігі – ұлы байлық» атты шығармашылық фестивалі өтті.

   Фестиваль аясында этноауыл көрмесі, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қойылымы, әртүрлі ұлттар өкілдерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқау ұйымдастырылды.
   «Тіл – татулық тірегі» атты байқауда орыс, ұйғыр, түрік, күрд, ауған және т.б. ұлт өкілдері 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде, қатысушылар ақын Мағжан Жұмабаевтың өлендерін жатқа оқыса, екінші кезеңде «Туған жер» тақырыбында эссе оқыды. Ал соңғы кезеңде қазақша ән айтып, би билеп, сахналық қойылым көрсетті.
   Байқаудың І-орын жеңімпазы – ҚР Ұлттық Ұлан қызметкері Александр Мамыкин, ІІ-орын иегері  Феруза Султанмуратова, ІІІ-орынды Русалина Асиева иеленді.
   Қазылар алқасының құрамында:  А.Байтұрысынов атындағы Тіл білім институтының директоры Ерден Қажыбек, «Қамшы» ақпараттық агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш,  «Ұлан»газетінің бас редакторы - Жадыра Нармаханова, Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Нұрмұха Шаймерденов болды.
   Сондай-ақ шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, журналисттер мен студенттер қатысты.

     

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование