KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056593
2019 жылы:  122128
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.09.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазаақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Тіл  ̶  ең асыл құндылық. Язык – духовное богатство народа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

   Барлық республика халқы үшін Қазақстан тілдер күні жыл сайын қыркүйек айында аталып өтіледі. Мереке идеясы әр тілдің және әр мәдениеттің құндылығын түйсіну.
   ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жыл сайын 5 қыркүйекте қазақ филологиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде Қазақстан халқы тілдерінің күнін тойлау дәстүрге айналды. Бұрын елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқы тілдерінің күні атап өтілді.
   Тіл - бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал халықтың мәдениеті - әлемдік өркениетке баға жетпес үлес. Мерекенің мақсаты - көп ұлтты қазақстандықтардың тұтастығын сақтау, мемлекеттік тілді дамыту және тарату, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда тұратын барша ұлттың да мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
   Осы мерекелік күні еліміздің барлық жерінде Қазақстан халқының тілдеріне арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер,  форумдар, кітап көрмелері, әртістердің театрландырылған қойылымдары, өнер шеберлерінің концерттері, фестивальдар мен викториналар ұйымдастырылады.
   ҚР Ұлттық кітапханасының кітап көрмесінде барлық ұлттардың мәдениеті, тарихы, тұрмысы туралы, тілдерді жүйелеу, тіл саясаты және қазіргі этнолингвистикалық үдерістерге қызығушылық тудыратын басылымдар туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование