KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056578
2019 жылы:  122113
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2018

   2018 жылғы 26 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда белгілі жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Нағашыбек Қапалбекұлының «Құс қанаты», «Туман спустившийся с гор», «Кашке батыр», «Суықтөбенің ұлары» атты  кітаптарының тұсаукесері өтті.

   «Құс қанаты» - Түркияның Анкара қаласында түрік тілінде басылып шығып, түрік зиялыларынан жоғары баға алған әңгімелер жинағы.
   «Туман спустившийся с гор» - орыс тіліне аударылған кітап. Жинақта жазушының үш повесі мен әңгімелері топтастырылған.
   Орыс тілінде басылып шыққан «Кашке батыр» кітабында Кәшке батыр, Андас датқа, Сұраншы батырлар жайлы құнды деректер беріледі.
   «Суықтөбенің ұлары» атты әңгімелер жинағы өмірлік тарихы бар, танымдық мазмұнға бай «Суықтөбенің ұлары», «Құт пен жұрт», «Ақ шымылдық», «Сүлде», «Үрей» және басқа да сиясы кеппеген тың әңгімелері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін ортаға салады, өзінше ой түйеді, оқырманын ойландырады.
   Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры  Т.Балықбаев, Қазақстанның халық әртісі С.Оразбаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі М.Ахет, жазушы, аудармашы М.Отарбаев, ҰҒА-ның академигі Х.Әбжанов қатысып,  сөз сөйледі. Сондай-ақ, шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.
   Іс-шараны белгілі журналист, жазушы Уәлихан Қалижан жүргізді.

                                            

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование