KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884624
2019 жылы:  18339
бүгiн:  415
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2018

   2018 жылғы 28 қыркүйекте Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Ш.Т. Айтматовтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ш.Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз ССР Талас облысының Шекер ауылында мұғалім, партия қызметкері отбасында дүниеге келген. 1937 жылы оның әкесі қуғынға ұшырап, әжесінің қолында тәрбиеленді. Оның алғашқы өмірге деген әсерлері қырғыздың ұлттық тұрмысымен байланысты. Отбасында қырғызша, орысша сөйлескендіктен, оның шығармашылығы екі тілде қалыптасты.
   Ол 1948 жылы мал дәрігерлік техникумын, ал 1953 жылы ауылшаруашылық институтын бітірді. Үш жыл бойы мал дәрігері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, оның алғашқы әдеби тәжірибелері жергілікті газеттер мен журналдарда пайда болды. 1956-1958 жылдары  Москвада Жоғарғы әдебиет курсында оқыды. Отанына оралғаннан кейін «Литературный Киргизстан» журналын редакциялады және Қырғызстандағы «Правда» газетінің тілшісі болды.
   1958 жылы «Джамиля» романы «Новый мир» журналында жарық көрді. Келесі жылы оны атақты жазушы Луи Арагон француз тіліне аударды. Осымен ол халықаралық атаққа ие болды. 1956 жылы басылып шыққан «Прощай, Гульсары!» повесінде фольклорлық және мифологиялық ойлар шешуші рөл атқарды. 1963 жылы ол «Повести гор и степей» («Джамиляны» қоспағанда, «Первый учитель», «Верблюжий глаз» және «Тополёк мой в красной косынке») кітабы үшін Ленин сыйлығын алды. Бұл шығармалардың басты ерекшелігі - адамгершілік, философиялық мәселелердің дәстүрлі Шығыстың поэтикасымен үйлесімділігі.
   1970 жылы «Белый пароход» романы орыс тілінде жарық көрді және көптеген жылдар бойы әлем мойындаған  шығармалардың бірі болып, кейінірек оны неміс және ресейлік кинематографистер экранға шығарды. 1980 жылы ол өзінің  «И  дольше  века  длится  день» (кейінірек «Буранный полустанок» деп аталды) атты алғашқы романында  «мәңгүрт» сөзін қолданды. «Восхождение на Фудзияму» – 1973 жылы Қ.Мұхамеджановпен бірлесіп жазған пьеса. Пьесада үнсіздік пен әділетсіздікке қарсы дауыс көтере алмау қабілетсіздігіне байланысты адам кінәсінің мәселесі. 1986 жылы жарық көрген «Плаха» романы жердің тылсым күштері мен адамдардың жер бетіндегі өмірі арасындағы байланыс туралы ойларын дамытады. 1996 жылы «Тавро Кассандры» атты ескерту-романы жарық көрді. Оның кейіпкері - ресейлік ғарышкер-зерттеуші. Айтматовтың кітаптары әлемнің 176-дан астам тіліне аударылып, 128 елде басылып шықты. Оның шығармалары бойынша 20-дан астам фильм түсірілді. 1961 жылы түсірілген бірінші кинолента «Перевал» фильмі. 1965 жылы «Бірінші мұғалім» повесі «Мосфильмде» көрсетілді.
   Бішкектегі қалалық саябақ пен Орыс драма театры Ш. Айтматовтың есімімен аталған. Сондай-ақ, оның есімі Бішкек, Қазан, Анкара, Баку, Астана, Люксембург, Ташкент қалаларының көшелеріне берілген.
   Жазушының мерейтойы ЮНЕСКО аясында ТМД және әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.
   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан әлемнің әр түрлі тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылды.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование