KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056639
2019 жылы:  122174
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстандағы Еңбек күніне орай «Еңбек даңқы арта берсін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленіп, жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында тағайындалған арнаулы марапат – «Еңбек ардагері» медалі де сол күні иелерін тапты.
   Медаль өзінің еңбек жолында биік нәтижелерге жеткен өндіріс екпінділеріне, түрлі салаларда ұзақ жылдар еңбек еткен жұмыскерлерге беріледі.
   Мерекенің мақсаты  ̶  жұмысшы кәсіптердің мәртебесі мен беделін көтеру, жұмысшы әулеттердің дәстүрлерін жандандыру, еңбек өнімділігін ынталандыру, еңбек ұжымдарын біріктіру, жастардың жұмысқа деген назарын аудару, ерте жастан бастап еңбектің маңыздылығын түсіну.
   Мереке күні түрлі іс-шаралар, ең үздік еңбек ардагері, үздік жас жұмысшы атағы үшін тақырыптық байқаулар, спорттық жарыстар, эстрада әртістерінің қатысуымен концерттер және т.б. өткізіледі.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Еңбек кодексі, заңнама, заң және еңбек қатынастары бойынша анықтамалық басылымдар, сонымен қатар түрлі мамандықтар, еңбек ардагерлері және т.б. туралы материалдар ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование