KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884445
2019 жылы:  18160
бүгiн:  236
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.09.2018

   2018 жылғы  27 қыркүйекте  Е.Тұрсынов киноклубында   Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының және «Әдебиет әлемі» орталығының ұйымдастыруымен «Алматым – аңсарым» атты жыр мүшәйрасы өтті.

   Мүшәйраның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің рухани астанасы болған Алматы қаласын жырға арқау ету. Жас ақындарға қолдау білдіріп, «бұлақтардың көзін ашу».
   Әдеби кеште мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз өлеңдерін оқып, эстрада әншілері Г.Ақүрпекова, «Арай» тобы әннен шашу шашып, өзара үздіктер анықталды.
   Іс-шараға еліміздің әр облысынан келген жас ақындар, белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен эстрада әншілері қатысты.
   Жас ақындар мүшәйрасының І-орын жеңімпазы Алматылық Әмина Адайхан, ІІ-орынды Семейлік Азамат Қажыбай, ал ІІІ-орынды Алакөл ауданынан келген Қадырғали Нүсіпхан иеленді.
   Мүшәйра жеңімпаздары алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     

                                           

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование