KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056516
2019 жылы:  122051
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.10.2018

   2018 жылғы 3 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тарбағатай ауданының 90 жылдығы аясында «Асылтас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тарихқа толы Тарбағатай» кітабының  ІІІ - басылымының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Тарихқа толы Тарбағатай» кітабын құрастырушы - археолог, ғалым Ерден Оралбай.
   Бұл кітапта Тарбағатай өңірінің қилы да ғұмырлы тарихына қатысты оқиғалар, сол өңірде дүниеге келіп, өмір сүрген, халық арасына кең танылған тарихи тұлғалар жайында, сонымен қатар, өлкенің географиясы жайлы мақалалар мен туған жерге арналған өлең-жырлар топтастырылған.
   Іс-шараға белгілі айтыскер ақын Жүрсін Ерман, «Асылтас» қоғамдық қорының президенті Дулат Тастекеев, журналист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ақын Серік Қалиев, ақын Әбубәкір Қайран, жазушы Әлібек Асқаров, ақын Бауыржан Жақып, педагогика ғылымдарының докторы Гүлбаршын - Жанна Сабурова, әйгілі спортшы, «Асылтас» қоғамдық қоры Қамқоршы кеңесінің құрметті мүшесі Қанат Ислам және т.б.  белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, тарихшылар, БАҚ өкілдері   қатысып, сөз сөйледі.
   Тұсаукесер рәсімін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жетекшісі Талғат Мазибаев жүргізді.

     

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование