KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056612
2019 жылы:  122147
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.10.2018

   2018 жылғы 12 қазанда Кітапханатану  залында КСРО Жоғарғы Кеңесінің  үш мәрте депутаты, КСРО-ның алғашқы әйелдер мұнайшылары бригадасының бригадирі Балғаным Доспаеваның 120 жылдығына арналған конференция өтті.

   Балғаным Доспаева - мұнай өндіруші алғашқы әйел адам, мұнай өндірудің көрнекті шебері, 1898 жылы Орал өңірінде дүниеге келген. Өзінің мансабын мұнай өнеркәсібінде тазалықшы болып бастаған. Ол  1917-1962 жж. Қазақ КСР-ның Гурьев облысында жұмысшы, ұңғыма операторының көмекшісі, мұнай ұңғысы операторы, шебері және «Байчунас» мұнай кен орны бригадасының бригадирі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Доспаеваның бригадасы бір жылдық өндіріс деңгейін бір айда орындап жүрді. Гурьев сайлау округының екінші, үшінші және төртінші КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі депутаты болып сайланды.
   Іс-шараға Алтай өлкесінің депутаты Е.Г.Тугунов, тарихшы Мұхтар Назарбаев, профессор Людмила Воронина, Б.Доспаеваның немересі, «Ғасыр анасы» қорының президенті  Ж.Доспаева және басқа да қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
   Іс-шараның жүргізушісі Нұрпейісова Гүлдана Хасенқызы болды.

     

     


 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование