KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056597
2019 жылы:  122132
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.10.2018

     2018 жылғы 25 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласының кітапханалары күні аясында «Мамандығым-мақтанышым» атты «Кітапхана ісі» мамандығының студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.

     Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, айтулы мерекемен болашақ кітапханашыларды құттықтады.
      Іс-шара барысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының биылғы Жолдауы, еліміздің мәдениетін дамыту жолындағы кітапханашының рөлі, қызметі, Ұлттық кітапхананың парасат ордасы ретіндегі мәртебесі мен қоғамдағы орнын көтерудегі көптеген мәселелер қозғалды.
      Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп, викториналық ойындар ойнады.
      Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының магистранттары мен докторанттары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
       Шара соңында қатысушылар үшін Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование