KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056579
2019 жылы:  122114
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.10.2018

   Өнер бөлімінің оқу залында кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Кәміл Махмұдұлы Шаяхметовтың (1928-1995) 90 жылдығына арналған «Кескіндеме өнерінің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   К. Шаяхметов 1928 жылы 15 қазанда Көкшетау қаласында туылды. Қазақстанның халық суретшісі 1956 ж. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірді.
   К. Шаяхметов тарихи тақырыпқа арналған «Тоқаш Бокиннің байларды тәркілеуі» (1958), «Елден хат» (1959), «Жер туралы әңгіме» (1962) атты картиналардың, «Шопандар тойы» (1960), «Сәуленің портреті», «Басқарма» (екеуі де 1961), «Туған ауылда», «Біздің ұжымшар» (1967), «Егіншілер» (1976), «Ғани Мұратбаев» (1981), «Композитор Л. Хамиди», «Халық суретшісі А. Ғалымбаева», «Композитор М. Төлебаевтың портреті» (1983) және т.б. портреттердің және кескіндемелік туындылардың авторы. Ол Алматы көркемсурет академиясында және қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында педагогикалық қызметпен, сондай-ақ профессорлықпен шұғылданады.
   Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1988), «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР-ның халық суретшісі (1960).            
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Кәміл  Шаяхметовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.          

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование