KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884586
2019 жылы:  18301
бүгiн:  377
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2018

   2018 жылғы 19 қазан, сағат 15.00-де  Н.Дәулетова атындағы залда  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты      Елбасы   Жолдауын  талқылау мақсатында     зиялы қауым өкілдері ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлерімен  кездесу өткізеді.
   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.  Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,-деді. Сондықтан, келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынып отыр. Сонымен қатар, «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болады. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді», - деді Елбасы.
   Іс-шарада Елбасы Жолдауы жан-жақты талқыланып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға зиялы қауым өкілдері жауап беретін болады.
   Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы, Жас Отан жастар қанаты мүшелері   мен Шығыстану институтының қызметкерлері қатысады.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование