KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884686
2019 жылы:  18401
бүгiн:  477
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында атақты қазақстандық жазушы, аудармашы және публицист  Герольд Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тамырым жайылған қазақ жері. Я в эту землю врос корнями» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Герольд Карлович Бельгердің аты әрбір қазақстандыққа таныс. Неміс, қазақ  және  орыс тілдерін  еркін меңгерген  әйгілі   жазушы.
   Г.Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысының Энгельс қаласында Поволжье немістерінің отбасында дүниеге келген.   1941 жылы оның отбасы Қазақстанға, Есіл өзені бойындағы  қазақ ауылына жер  аударылды. Ауылда өсіп, қазақ орта мектебінде оқыды. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының әдеби бөлімін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), 1963 жылы сол институттың аспирантурасын бітірді.
   Еңбек жолын 1953 жылы лаборант, содан кейін Солтүстік Қазақстан облысының орта мектебінде  мұғалім болып  бастады. 1963 жылдан бастап «Жұлдыз» журналы әдебиет бөлімінің қызметкері, 1989 жылдан  неміс ұлттық мәдени орталығының төрағасы, 1995 жылдан  «Феникс» альманахының бас редакторы, 1998 жылдан «Сорос-Қазақстан» қорының басқарма төрағасы. Павлодар облысынан  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994-1995), Алматы қаласы неміс мәдени қоғамының төрағасы.  Қазақстандағы немістер Кеңесінің, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңесінің, ҚР ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мүшесі.
   Г.Бельгер көптеген романдардың, әңгімелердің: «Сосновый дом на краю аула» (1973), «Чайки над степью» (1976), «За шестью перевалами» (1977), «Брат среди братьев» (1981), «Каменный брод» (1987), «Завтра будет солнце» (1992), «Земные избранники (Гете, Абай)» (1995), «Помни имя свое» (1999), «Казахское слово» (2001), «Дом скитальца» (2003), «Гармония духа» (2003), «Туюк су» (2004), «Ода переводу» (2005), «Разлад» (2008),   он томдық «Таңдамалы шығармалар» (2009-2010) және 1800-ден астам публицистикалық жарияланымдардың авторы. Қазақ әдебиетінің классиктері: Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтің, Ә. Нұрпейісовтың және т.б. жазушылардың  шығармаларын орыс тіліне аударды.
   Жазушының туындылары терең мағыналы адами қарым-қатынасқа, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, жоғары азаматтық ұстаным мен патриотизмге толы.
Қазақ, неміс және орыс мәдениетінің дәстүрлерін меңгерген Г.Бельгердің шығармашылық мұрасы, мәдениетаралық үн қатуды қалыптастыруда, болашақ ұрпаққа арналған құндылық өсиетін жинауда моральдық, рухани басшылыққа айналды.
   «Парасат» орденінің иегері, «Германия Федеративтік Республикасының қызметіне қосқан үлесі үшін» және медальдармен марапатталды. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының,  Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.
   Г. Бельгер 2015 жылы  7 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Г. Бельгердің  өмірі мен  қызметі, шығармалары, жазушы туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктер ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование