KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056734
2019 жылы:  122269
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.10.2018

   2018 жылғы 18 қазан, сағат 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
   Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.
   Салтанатты шарада «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты  Кенжехан Матыжанов; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман; Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай, "Нұр Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Керім Шәмшәдин; қоғам қайраткері Құсман Шалабаев  сөз сөйлеп, Абу-Ханифа медресесі және Алматы бизнес колледжінің студенттері қатысты.
   Іс-шара барысында қаладағы діни ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталып,  жиыннан соң діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері «Рухани келісім күніне» арналған ағаш көшеттерін отырғызды.
   Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жүргізді.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование