KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056529
2019 жылы:  122064
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.10.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ұйғыр жазушысы, драматург Ахметжан Әширидің 80 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Ахметжан Ақсупұлы Әшири 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Малыбай ауылында туылған. 1956 жылы Панфилов қаласындағы педагогикалық училищені, 1961 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (қазіргі әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті).
   А.Әшири еңбек жолын 1962-1970 жж. Қазақ радиосының дикторы болып бастады. 1970-1979 жж. ̶ «Коммунизм туғи» газетінің жауапты хатшысы, 1982-1986 жж. ̶  Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, 1991-1995 жж. ̶ «Арзу» журналының бас редакторы, 2006-2007 жж. ̶ Қазақстан Жазушылар одағының ұйғыр әдебиеті жөніндегі кеңестің жетекшісі.
А.Әширидің алғашқы әңгімесі 1965 жылы «Таңғы самал», «Қилы адамдар» жинағына жарияланды.  «Осылай өмір сүргім келеді» (1965), «Мұны ұмыта алмаймын» (1969), «Солмас гүл» (1977), «Нұр ана» (1988) атты повестері мен әңгімелері, 12 музыкалық комедиядан тұратын «Мукамши» (1979), «Идиқут» (1988), «Баурчук Арт Текинг» (2013) тарихи романы жарық көрді.
   2017 жылы Қорқыт ата атындағы халықаралық байқауда автор «Шарбақ» пьесасы үшін марапатталды.
Жазушы ұйғыр ұлттық драматургиясының дамуына елеулі үлес қосты (1987). «Жалғыз жалбыз» драмасында екі жетім Надыр мен Бостангүлдің ауыр тағдыры суреттелген. Автор адамдардың мейірім шапағатын көрсете келіп, ұлттар арасындағы достықты баяндайды. Қазіргі күндері Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр театрының сахнасында А.Әширидің пьеса қойылымдары  қойылуда.
   Жазушының шығармалары орыс, қазақ, өзбек, украин, якут және т.б. ТМД елдерінің  тілдеріне  аударылды. «Төгілген жас» повесі Қытай  Халық Республикасының Шыңжаң халық баспасында басылып шықты (1989). А.Әшири Қ.Шаңғытбаевтың «Жігіттер-ай», испан драматургы Г.Лорканың «Қанды той»  шығармасын ұйғыр тіліне аударды.
   «Құрмет» орденімен (2009), «Ерен еңбегі үшін» (1988) және «10 жыл Астана» (1998) медалімен, Қазақ КСР-нің Құрмет грамотасымен марапатталған (1998), «Илһам» сыйлығының иегері (2003), Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы (2002).

   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде А. Әширидің өмірі мен қызметі, шығармалары, жазушы туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктер ұсынылған.
    Кітап көрмесіне шақырамыз!
                                                                                                                                                                        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование