KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884654
2019 жылы:  18369
бүгiн:  445
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.10.2018

   2018 жылғы 26 қазан, сағат 15.00-де  Н.Дәулетова атындағы залда  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «ІІ-дәрежелі Барыс» орденінің иегері, еліміздегі белгілі жәдігер жинаушы  Князь Азат Әкімбектің «Сто имен Восточных красавиц», «Пусть плачет небо» атты кітаптарының тұсаукесері өтеді.
   Азат Әкімбек 1971 жылдан  2015 жылға дейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік, республикалық, аймақтық және ведомстволық мұражайларына 85 000 000 теңгеден астам соманы құрайтын көрме жәдігерлерін сыйға тартты.
   Азат Әкімбек - көптеген белгілі халықаралық сыйлықтар мен жүлделердің иегері. Олардың ішінде - Италия Дворяндық жиналысының «Рыцарский крест» ордені, әдебиет пен өнердің халықаралық Сократтық сыйлығы. Оксфорд. Ұлыбритания. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Азат Әкімбек «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.
2018 жылы «МИР» баспасынан Князь Азат Әкімбектің «Сто имен Восточных красавиц», «Пусть плачет небо» кітаптары жарық көрді.
   «Сто имен Восточных красавиц» кітабында шығыс сұлулары аттарының мағынасы ғана емес, оның шығу тарихы мен  есімдерге байланысты түрлі халықтың салт-дәстүрлері жазылған.
   «Пусть плачет небо» кітабында өмір, махаббат, өнер, зұлымдық пен адалдық, достық пен дұшпандық жайлы өлеңдері жазылған.
   Азат Әкімбек 12 жасынан бастап орыс тілінде өлеңдер жазған. Оның өлеңдері кеңес кезеңінде «Дружные ребята», «Коммунизм туги» «Пионерская правда», «На боевом посту», «Ленинская смена» және «Комсомольская правда» гезеттерінде жарық көрген.
   Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысады.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование