KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884652
2019 жылы:  18367
бүгiн:  443
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.10.2018

   2018 жылғы 19 қазанда Е.Тұрсынов киноклубында «Жиенбет батыр – тарихи тұлға» атты Республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
   Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи тұлғаларды насихаттау, ұлықтау, ерлік жолын үлгі ете отырып, жас ұрпақты жасампаздық пен ұлтжандылық рухта тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.
   Өз заманында сыртқы жаулармен шайқаста, ел бірлігі мен жер тұтастығы үшін күрескен Жиенбет батыр Байқошқарұлы көзсіз ерліктерімен көзге түсіп, Қаратаудың жас жолбарысы атанған. Абылайхан заманында болған барлық қиян кескі шайқастардың бел ортасында жүрген.
   Конференцияға Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов; «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аспандияр Өмірбеков; тарихшы Болатбек Нәсенов; ақын Болат Жетекбай және т.б. әдебиетші ғалымдар қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ, шарада белгілі әнші Сәкен Майғазиев әсем әннен шашу шашты.
   Іс-шараны мемлекет қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков жүргізді.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование