KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884675
2019 жылы:  18390
бүгiн:  466
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.10.2018

   2018 жылғы 26 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «ІІ-дәрежелі Барыс» орденінің иегері, еліміздегі белгілі жәдігер жинаушы  Князь Азат Әкімбектің «Сто имен Восточных красавиц», «Пусть плачет небо» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   2018 жылы «МИР» баспасынан Князь Азат Әкімбектің «Сто имен Восточных красавиц», «Пусть плачет небо» кітаптары жарық көрді.
   «Сто имен Восточных красавиц» кітабында шығыс сұлулары аттарының мағынасы ғана емес, оның шығу тарихы мен  есімдерге байланысты түрлі халықтың салт-дәстүрлері жазылған.
   «Пусть плачет небо» кітабында өмір, махаббат, өнер, зұлымдық пен адалдық, достық пен дұшпандық жайлы өлеңдері жазылған.
   Іс-шараны филология ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Әлімжан Хамраев жүргізді.
   Іс-шараны директордың кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер Одағының жүлдегері, Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Ахметжан Шардинов, Қазақстан, Армения және Ресей суретшілер одағының мүшесі Дана Муканова-Хуршудян, «Al-Farabi» оқу орталығының директоры Айнаш Толеш, іскер әйел Княгиня Турфанская және Илийская Меруерт Бафина, ҚР Парламенті Сенатының экс-сенаторы Марс Баталов және «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенова сөз сөйледі. Сондай-ақ, шара барысында Азат Әкімбектің өлеңдері оқылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование