KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056545
2019 жылы:  122080
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.10.2018

   2018 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Қытайдағы тұңғыш Елшісі, Қазақстанның  қытайтанушысы М.М. Әуезовпен «Китай в моей жизни» атты кездесу өтті.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ж. Сейдуманов құттықтау сөз сөйледі.
   Іс-шараның модераторы танымал мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өзі болды.
   Шара барысында Қытайдың экономикасы мен мәдениетін зерттеу туралы маңызды мәселелер талқыланып, Қытайтану зерттеу орталығының ашылу мәселесі көтерілді. Қонақтар сұрақтар қойып, М.Әуезовпен пікір алмасты.
   Іс-шарада барысында Әлем әдебиеті қызметінің жетекші кітапханашысы
П. Т. Әкімбекова дайындаған М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-шоу көрсетілді.
   Сөз сөйлегендер: кинорежиссер Е.Рақышев, танымал қазақстандық қытайтанушы  К.Хафи¬зова, «Орхон» баспа үйінің директоры Ж.Айдос, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің деканы Д. Дәуен,  Орталық Азия тарихи-дипломатиялық қоғамының төрағасы С. Нарысов, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» ҚБ мүшелері,  ҚР Ұлттық кітапханасының тұрақты оқырманы К.Толғанбаев және т.б.
   Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның студенттері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі, магистранттар, докторанттар, кітапхана қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование