KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884625
2019 жылы:  18340
бүгiн:  416
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.11.2018

   2018 жылғы 1-ші қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атын. залында Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, жазушы Бауыржан Момышұлын еске алу кеші өтті.

   2018 жылғы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін үш танымал жазушының шығармалары таңдалып алынды. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы.
   Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы - өзінің балалық шағындағы естеліктерін, жанұясындағы әрбір мүшенің бейнесін жылулықпен, құрметпен еске түсіретін, салт-дәстүрді  әдемі сипаттайтын автобиографиялық повесть.
   2018 жылдың акция аясында «Қазақстан кітаптары» қызметі үш автордың шығармаларына арналған тұрақты кітап көрмесін және кітап көрмесінің материалдары бойынша әдеби шолу ұйымдастырылып, Немат Келімбетовтың туған күніне арналған еске алу кешін және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қойылған «Үміт үзгім келмейді» спектакліндегі рөлдерді сомдаған актерлермен кездесу өткізді.
   Кеш аясында жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ батырдың ұлы Бақытжан Момышұлының, оның жұбайы Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлының шығармалары таныстырылып, көрмеге қойылған материалдарға шолу жүргізілді. Кешке белгілі қазақ жазушысы Мамытбек Қалдыбай, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ, «Имани гүл» клубының жетекшісі Оралжан Мақсатбаев, Алматы қ. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» Алматы республикалық мектебінің оқушылары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
   Кеш қонақтары әйгілі Б.Момышұлының өмірі, оның әскери ерлігі, шығармашылығы   туралы әңгімеледі. Жастар кеш қонақтарына сұрақтар қойып, кітапхана қызметкерлері
мен оқырмандарының орындауында шағын концерт болды.

         

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование