KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888671
2019 жылы:  22386
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.10.2006
   Белоруссиядағы  Қазақстан Елшілігінің бастамасы мен қолдау көрсетуі  бойынша Минск қаласындағы Ұлттық кітапханада  ҚР Ұлттық кітапханасы қорларынан ашылған «Қазақстан. «»200-2006 жылдарға арналған мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті,  Тұсаукесер ҚР Республика күніне орайластырылды.
   Қалық жұртшылыққа, Беларусь Республикасындағы шет елдердің диплома-тиялық корпустарына, тарихшы-ғалымдарға,  әдебиеттанушыларға, сондай-ақ қазақстандық диаспораға «мәдени мұра» МБ іске асыру  барысында жасалған  және алынған 150-ден аса жаңа басылымдар, гровюралар,  тарихи құжаттар көрсетілді.  Көрмеге халықтың алуан түрлі және бай мәдени-тарихи жазба мұрасы қойылды.
   Көрмені Қазақстан Республикасының Белоруссиядағы Төтенше және Өкілет-ті   Елшісі Ысқақов Болат мырза құттықтау сөзбен ашты. Көрменің форматы мына  рубрикаларда көрсетілді – Отанымыздың  тіл танымы мен әдебиеті,  қазақ тіліндегі әлемнің қоғамдық және гуманитарлық ой-санасы, мұра ретінде тарих, Басшылық жобалар және т.б. осы көрменің аясында «Мәдени мұра» МБ іске асырудың барысы туралы» ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Е.И.Исмаилов кіріспе дәріс оқыды.
   ҚР ҰК Ватиканның құпия мұрағаттарынан, Жапонияның, Францияның қорларынан алған қолжазбалары,  мұрағаттық  құжаттары туралы ақпаратқа  қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.
   Тұсаукесерге Беларусь Республикасы мәдениет министрлігінің вице-министрі Гедройц мырза, Түркіменстанның, Тәжікстанның, Молдованың төтенше және  Өкілетті Елшілері И.Вельджанов, А.Сафаров, И.Филимон мырзалар, Ресейдің ТМД Жарғылық  органдарындағы  өкілі А.Белов, Ұлттық кітапхананың Бас директоры Р.С.Мотульский  және басқа да ресми адамдар қатысты.
   Қазақстанның  мемлекеттілігін нығайту, рухани құндылықтарды көбейту мен мирас ету жөніндегі Қазақстандық тәжірибенің мәдениеттану акциясы жұртшылық пен  БАҚ тарапынан кең түрде қолдау тапты. 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование