KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056575
2019 жылы:  122110
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.11.2018

   2018 жылғы 7 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда «Тұғыры биік тұлға» атты Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

   Т.Жүргенов танымал мемлекеттік және қоғам қайраткері, публицист, білім,  мәдениет және өнер дамуына үлкен үлес қосқан қазақ мәдениетінің  терең білгірі ретінде танымал. 
Балалық шақтағы халық ақындарынан, жыршы-жыраудан, халық әншілері, романдар мен аспапшылардан шыққан тарихи шындықты, эпостық шығармаларды, тарихи күйлерді, лирикалық әндерді дәріптейтін халық әндері оның дүниетанымы мен моральдық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарды. Қазақ, орыс, өзбек, тәжік тілдерінде еркін сөйледі, жүздеген мектептер ашты, оқулықтар шығаруға үлес қосты, өзбек циркін ұйымдастырды. Ол қазақтардың ауызша және ақындық шығармаларының, соның ішінде қазіргі қазақ ақындарының әндерін жинап, жазды.
   Қатысушылар: еңбек ардагері, Қызылорда қ. «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сапен Аңсатов, туысы Біржан Жүргенов, ҚР-ның еңбегі сіңген актрисасы, Т.Жүргенов ат. Қазақтың ұлттық өнер академиясы «Сахналық тіл» кафедрасының меңгерушісі, профессор Дариха Тұранқұлова, режиссер, сценарист Еркін Рақышев, Таң-Шолпан: әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы Нұрлыбек Саматұлы және т.б.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесінде Т. Жүргеновтің өмірі мен  қызметі, шығармалары, ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктер ұсынылған.
   Кеш қонақтары  Қазақстан үкіметінің алғаш халық ағарту комиссарының  өмірі мен қайғылы тағдыры, Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.  Т.Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясы студенттері «Тағдыр» композициясынан монолог оқып, шағын музыкалық концерт қойды.
Белгілі кинорежиссерлер Е.Рақышев пен Қ.Омаровтың деректі фильмдері көрсетілді. Қонақтар жастардың болашақта көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті  кеңінен зерттейтігіне үміт артады.
   Іс-шараға Т.Жүргеновтің туыстары, режиссерлер, журналистер, оқытушылар және студенттер, кітапхана қызметкерлері қатысты.

     

     

                                       

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование