KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056622
2019 жылы:  122157
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2018

   2018 жылғы 8  қарашада  Н.Дәулетова атындағы залда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері,  ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, «Отырар» өңірлік ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованың «Әкеге құрмет» атты прозалық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

   Күлия Смайылханқызы Айдарбекова 1960 жылы 15 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
   «Әкеге құрмет» кітабы  тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында өз айтары бар, ұлттық  идеяны танытатын шығарма. Кітап ата-ана мен перзент арасындағы қырым-қатынастардың тәрбиелік мәнін ашып, оқырман жүрегіне ізгілік дәнін себеді.
   Іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов, жазушы Құдияр Білал,    «Өнер» баспасының директоры Ә.Көпішев, сатирик, сазгер Жарылқасын Дәулет, композитор Секен Тұрысбек, актер, әнші Байғали Есенәлиев және т.б. белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
   Іс-шараны «Қазығұрт» баспасының президенті Темірғали Көпбаев жүргізді.

     

                                           


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование