KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056656
2019 жылы:  122191
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында домбырашы, күйші-композитор Төлеген Момбековтің 100 жылдығына арналған «Шертпе күйдің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Төлеген Момбеков 1918 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан  облысының Созақ ауданындағы «Сызған» кеңшарына қарасты Қозымолдақ елді мекенінде туған. Домбыраны бала кезінен тарта бастаған. Домбырашылық өнер Төлегеннің үрім-бұтағына дарыған. Ұлы әкесі Назар шешен әрі жыраушы болған. Әкесі Момбек те өнерден құр алақан болмаған. Төлеген 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1942 жылы ауыр жараланып еліне оралады.
   Алғашқы ұстазы – өзінің атасы, атақты күйші Бапыш Қожамшаров. Атақты күйші-композитор Сүгір Әлиевтен тәлім алды. Ол Сүгірдің «Тел қоңыр», «Бес жорға», «Шалқыма», «Жолаушының жолды қоңыры» күйлерін жаңғыртып, тың нақыштар қосып орындады. Сондай-ақ, өзі де бірқатар күйлердің авторы. Мысалы: «Қосбасар», «Салтанат», «Мешін», «Қат-қабат», «Боз інгеннің бүлкілі», «Мың жылқы», «Асу», «Ел жаңа», «Анама», «Қоштасу», «Қаратау шертпесі» және т.б.
   Төлеген – шертпе күйдің ең үздік орындаушыларының бірі. Оның орындауындағы күйлер бірнеше күйтабақ болып жарық көрді. 1972 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді.
   Төлеген Момбековтің шығармалары «Отырар сазы» фольклор-этнографиялық оркестрінің «Сазген», «Шертер» ансамбльдерінің репертуарында бар.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Төлеген Момбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                               

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование