KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056614
2019 жылы:  122149
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2018

   2018 жылғы 14  қарашада Н.Дәулетова атындағы залда ақын,  көптеген танымал әндердің авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. 

   Нұтфолла Шәкенов 1928 жылы 1 ақпанда Павлодар облысы, Ермак ауданы №9 ауылында (қазіргі Ақсу ауданы Қ.Қамзин совхозы) дүниеге келді. 1943 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің дайындық курсын, содан кейін тіл әдебиеті факультетін бітірді. Университетте оқи жүріп «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер және «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы, 1949 - 1953 жылдар аралығында қазақ радиосы, әдеби-драма хабарлары бөлімінің бас редакторы, ал 1953 - 1955 жылдары «Қазақстан пионері» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
   Нұтфолла Шәкеновтің өлендері 1944 жылдан бастап республикалық және ресейлік басылымдарда жарияланып тұрды. Ақынның «Біздің жыр» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енген.
   Кеш аясында Нұтфолла Шәкеновтің шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Іс-шараға  ақын, сатирик Мыңбай Рәш, әдебиеттанушы-ғалым Темірхан Тебеген; ақын Бақыт Беделхан;  жазушының жұбайы Нұрғиза Шакенова қатысып,  сөз сөйледі. Сондай-ақ, Тұран университетінің журналистика факультетінің студенттері Нұтфолла Шәкеновтің өлеңдерін оқыды. 

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование