KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884519
2019 жылы:  18234
бүгiн:  310
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.11.2018

   2018 жылғы 13 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының  ұйымдастыруымен аса көрнекті ақын, педагог, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.        

   Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі А.Қ.Бекпулатова ашты. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалым хатшысы Таубалдиев Мейрамбек Ерланұлы жүргізді. Іс-шараға Ісімақова Айгүл Серікқызы, Тебегенов Темірхан Сақаұлы Салқынбай Анар Бекмырзақызы, Қабадайы Осман, Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы, Мырзағали Абай, Ахмет Әділет баяндама жасады.
   Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938 жж.) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында ашылған медреседе оқыды. 1910–1913 жж. Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. 1913-1916 жж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болды. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918–1919 жж. Петропавл уездік әкімшілігінде қызмет етті. 1919–1923 жж. Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет атқара жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-1927 жж. Мәскеуде жоғары әдеби-көркем институтында оқиды. Мағжан 1927-1929 жж.  Бурабайда, содан кейін Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрды деген айыппен Мәскеуде 10 жылға қамалды. 1936 ж. М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда М.Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді.
   Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырды.
   Іс-шараға Алматы қаласының танымал ғалымдары, оқытушылары, студенттері,  кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар қатысты.

      

                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование