KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884491
2019 жылы:  18206
бүгiн:  282
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2018

   2018 жылғы 14 қарашада Өнер залында Қазақстанның халық әртісі Әсет Бейсеуовтың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.   
   Әсет Көпбайұлы Бейсеуов Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның халық әртісі.  Алматы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1961-63ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім, 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер, 1966-67 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім, 1967-68 ж. Ұзынағаш Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды. 1969-74 ж. «Гүлдер» ансамблінде, 1974-80 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді.
   Ә.Бейсеуов қазақ эстрадалық музыкасының дамуына үлкен үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар» және т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Ә. Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың  «Аса құрметті Икс»), кинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні және т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.
   Кеш аясында Ә.Бейсеуовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән төресі - Әсет» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешті белгілі ұстаз Төлеғатай Ақбауов жүргізді.
   Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов, музыказерттеуші П.Момынұлы, жазушы Т.Ешенқұлов, Қазақстанның енбек сіңірген әртісі Ұ.Айнақұлова, эстрада әншісі Ә.Айнақұлова, Ә.Бейсеуовтың бауырлары Амангелді,  Бөбіш Бейсеуовтер, баласы Данияр Бейсеуов, немерелері, музей қызметкерлері , студенттер және  кітапханашылар қатысты.

     

                   

 

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование