KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884575
2019 жылы:  18290
бүгiн:  366
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.11.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында композитор, педагог, Қазақстан және КСРО халық әртісі Еркеғали Рахмадиевке (1932-2013) арналған «Саз саңлағы» атты кітап көрмесі ұйым-дастырылды.

   Еркеғали Рахмадиев 1932 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келді.  1952 жылы П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін, 1957 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы  Қазақ мемлекеттік консер-ваториясы) профессор Е. Брусиловскийдің сыныбы бойынша бітірді. 1957-1958 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Композиторлар одағы жанындағы біліктілікті арттыру курсында оқыды. 1959-1961 жылдары Қазақ мемлекеттік  филармониясының көркемдік жетекшісі, 1961-1965 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі өнер істері Бас басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1966-1967 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры,   1967-1975 жылдары Құрманғазы атындағы  Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры қызметтерін атқарды (1979 жылдан профессор), 1968 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1990-1993 жылдары ҚР Мәдениет министрі. 1993 жылдан бастап шығармашылықпен айналысты. Композитор шығармашылығында опера мен симфониялық жанрға ерекше көңіл бөлді, симфониялық шығармаларында қазақ күйлерін жаңашылдықпен қолданып отырды. «Қамар сұлу» (1963), «Алпамыс» (1973), «Тың тынысы» (1980) операларының, басқа да вокалды-симфониялық және симфониялық шығармалардың, өлеңдердің, романстардың авторы. «Конституция туралы поэмасы» (1977) үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 
   Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы орденімен марапатталған
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітап, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан композитор, педагог, профессор, Қазақстан және КСРО халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование