KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056584
2019 жылы:  122119
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.11.2018

   2018 жылғы 16  қарашада Н.Дәулетова атындағы залда жазушы,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, актер, режиссер Шаим Шаваевтың 80 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті.

   Шаим Шаваев   1938 жылы 27 сәуірде Ұйғыр ауданының Диірмен ауылында туған. Республикалық ұйғыр театрында актер, кейін режиссер қызметін атқарды. 1978-82 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, ұйғыр әдебиеті секциясының жетекшісі, Қазақ театр қоғамында аға кеңесші болып жұмыс істеді. 1961 жылы «Жас достарға» атты жинаққа  жазушының бір топ өлеңдері енген. Сондай-ақ,  прозалық шығармалары 1969 жылы «Қарапайым кісілер» атты жинаққа басылып шықты. «Қол қойылмаған хаттар», «Кестелі тақия» атты кітаптары жарық көрген. Оның Республикалық ұйғыр театры сахнасында «Сенің қара көздерің» атты драмасы (1976), «Ағам үйленді»  комедиясы (1978), «Билал Назым» драмасы (1981) қойылды. Қазақ, орыс жазушыларының бірнеше шығармаларын ұйғыр тіліне аударған.
   Іс-шараға ақын Аян Нысаналин, жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, «Интизар» журналының меңгерушісі Азнат Талипов, ақын Раһиләм Музаппарова және Шаим Шаваевтың жұбайы Роза Шаваева қатысып, сөз сөйледі.
   Кешті «Атамұра» корпорациясы ұйғыр редакциясының меңгерушісі Мәлік Махмандинов жүргізді.
   Кеш аясында Шаим Шаваевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     

      
  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование