KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056615
2019 жылы:  122150
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2018

   2018 жылғы 23 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы шәкіртақы тағайындау үшін студент жастар арасында жыл сайын өтетін «Әлем және адам» шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша кеш өтті.

   Кітапханатану залында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш және Қазақстан халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың атындағы шәкіртақы тағайындау үшін студент жастар арасында жыл сайын өтетін «Әлем және адам» шығармашылық байқауының қорытындысы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметі, Нұршайықовтар отбасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы.
   Байқаудың мақсаты - жазушының шығармаларын насихаттау, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
   Бұл кеште қазақ және орыс тілдерінде еркін тақырыпқа жазылған ең үздік шығармалар: көркем әңгімелер, өлеңдер, очерк пен эсселер ұсынылды. Кештің екінші бөлімінде жүлделі орындарды иеленген конкурс жеңімпаздарын Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың атындағы стипендиямен марапатталды.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының шығармаларынан  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларды «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы И.К. Тайбергенова кітап көрмесімен таныстырып, Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинетіне экскурсия жүргізді.

     

    

                                         

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование