KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884511
2019 жылы:  18226
бүгiн:  302
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.11.2018

   2018 жылғы 22 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басып шығарылған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты кітап сериясының тұсаукесері өтті.

   Тұсаукесер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел тарихы мен халықтың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарау мүмкіндігі назарда болатын  жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында үндестік табады. 
   Кітап сериясында қазақстандық заманауи жазушылардың 9 шығармасының ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі  аудармалары ұсынылған. Олар С. Елубайдың «Ақ боз үй», К. Салғаринның «Қазақтар», Д. Исабековтың «Қарғын», Қ. Жұмаділовтың  «Дарабоз», О. Сүлейменовтің «Язык письма: Взгляд в доисторию о происхождении письмен¬ности и языка малого человечества», Б.Нұржекеевтің «Әй-дүние-ай», Ш.Мұртазаның  «Бойтұмар», М. Әуезовтің «ГЛАВПОЧТАМТ», Ш. Күмісбайұлының «Балалық шақ - балдәурен» шығармалары.
   Жазушылар ерекше шығармашылық өрлеуді және мемлекет тарапынан қолдауды тәуелсіздік алған тұстан бастап сезінді, дәл осы кезеңде үлкен көлемде қазақ тарихы, мықты әрі қарқынды дамып келе жатқан еліміздің қалыптасуы туралы шығармалар жазылды. Тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің дамуына үлес қосқан жазушылар: О.Сүлейменов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза, Д. Исабекова, Б. Нұржекеұлы, Қ. Салғарин, М. Әуезов, С. Елубай, және балалар жазушысы Ш. Күмісбай және т.б.
   Қазақстанның халық жазушылардың шығармашылық мұрасына, шын мәнінде әлемдік әдебиеттің баға жетпес жауһары ретінде қарауға болады.
   Олар өз шығармаларында ұлттық мәдениеттің көне деректеріне назар аударады, әр түрлі дәуірлердегі қазақ тарихының көркем бейнесін көрсетеді, сондай-ақ мәңгілік рухани құндылықтарға мықты көзқарас туғызады. Бұл тұлғалардың шығармаларымен еліміздің жас буындары отансүйгіштік, өз халқына деген махаббат пен бейбітшілікті бағалау рухына тәрбиеленеді.
   Тәуелсіз Қазақстан халқының арманы мен үмітінен туындаған тарихи романдар оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленіп отыр. Аталмыш  авторлардың шығармалары  түрлі әлем халықтарының тілдеріне аударылған.
   «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты кітап сериясына әдебиет пен өнер саласында түрлі сыйлықтар иеленген ең танымал жазушылардың шығармалары және балалар жазушысы  Ш. Күмісбайұлының «Балалық шақ» шығармасы іріктелініп алынды.
   ҚР Ұлттық кітапханасы бастамашы болған жобаны жүзеге асыру механизмі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық арқылы, сондай-ақ сериялық басылымды шетелдік кітапханаларға, 24 мемлекетте ашылған қазақстандық әдебиет пен мәдениет орталықтарына, сауда желілеріне сыйға беру арқылы қазақстандық әдебиеттерді жылжытуды ұсынады. Бұл кітап сериясы Қазақстанды халықаралық кітап және полиграфиялық кітап жәрмеңкелерінде лайықты түрде таныстыра алады.
   Іс-шараның модераторы журналист, продюсер, «Ұлттық Аударма Бюросы» жауапты редакторы Дәурен Дариябек.
   Іс-шараға: О.Сүлейменов, Б. Нұржекеұлы, М. Әуез, С. Елубай, Ш. Күмісбай, С. Абдулло, Т. Жексенбай, Қ. Сарсенбай, Е. Нуразхан,  Д. Ысқақ  қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, Алматы қаласының кітапханашылары мен студенттер қатысты.

     

     

     

                                         

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование