KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884466
2019 жылы:  18181
бүгiн:  257
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2018

   2018 жылғы 20 қараша  Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында «Түркі киносы – Даму Бағыты» атты түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Іс шараға  Түркі киносын дүниежүзіне таныту қауымдастығының төрағасы, Түркімен кинорежиссері, сценарист және оператор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркімен КСР-нің халық әртісі Ходжакули Нарлиев, Түркі әлемі журналистері федерациясының президенті Мендерес Демир, «Хабар агенттігі» АҚ «Ел арна» каналының директоры Сейтмамыт Арман, «Хабар агенттігінің» бас редакторы Хасенова Күлімхан, Тәжікстан Кинематографистер одағының төрағасы Сафар  Хакдодов, кеңес кинорежиссері және сценарист Али  Хамраев, кеңес режиссері, актер, сценарист, продюсер Октай Мир-Касимов және халықаралық кинофестивальдердің өкілдері қатысты.
   Кеш аясында «Хабар агенттігі» АҚ «Ел арна» каналының презентациясы көрсетіліп, Ш.Айманов атындағы кинофестиваль мен халықаралық кинофестивальдердің өкілдері – «Үміт» ТМД елдеріндегі жастар кино форумы, «Халықаралық азия кинофестивалі», «Дидор» халықаралық кинофестивалі, «Халықаралық Қазан мұсылман кинофестивалі» және «Түркі елдерінің деректі фильмдер фестивалі» - арасында Келісім шартқа қол қойылды.
   Кеш модераторы продюсер, NETPAK мүшесі, әлемдегі түркі киносы қауымдастығы атқарушы комитетінің мүшесі Канат Төребай болды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование