KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884463
2019 жылы:  18178
бүгiн:  254
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақтың ақыны, аудармашы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұловтың  туғанына 100 жыл толуына орай  «Қазақ прозасындағы қоңыр күй» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.               

   Тәкен Әлімқұлов  1918 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Т. Әлімқұлов өзінің еңбек жолын өте ерте бастады, он төрт жасынан колхозда жұмыс істеді.
   1945-1949  жылдары облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, 1949-1955 жылдары Алматыға «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі. Сонымен қатар Т.Әлімқұлов өз білімін жетілдіру үшін М.Горкий атындағы әдебиет институтына оқуға түсіп, оны 1953 жылы аяқтайды. 1956-1971 жылдары КСРО жазушылар Одағында  қазақ және қырғыз әдебиеті бойынша кеңесші хатшы. 1971-1974 жылдарда - Қазақ  ССР жазушылар Одағында кеңесші қызметтерін атқарды. 1978 жылы Т.Әлімқұлов әдеби шығармашылығы үшін Халықтар достығы орденімен марапатталған.
   Т.Әлімқұловтың «Сапар» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1950 жылы жарық көрді. Одан кейін жазушының «Жазғы жаңбыр» (1964), «Бозжорға» (1969), «Қаратау өрнектері» (1981), «Сейтек сарыны» (1966) әңгімелер мен повестер жинағы, «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973), «Шежірелі сахара» (1976), «Сырлы наз» (1977), «Көкек айы» (1982); «Ақбозат ат» романы (1962), «Тұлпар тағдыры» (1975) және т.б. поэзия жинақтары шығады.
Т.Әлімқұлов қазақ әдебиетіндегі әдеби сын жұмыстардың авторы ретінде де танымал болды. 1958 жылы «Советский писатель» баспасынан «Өткен мен қазіргі» деген атпен өзінің алғашқы кітабы жарық көрді, 1978 жылы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  «Жұмбақ жан» атты зерттеу еңбегін жазды. Жазушының «О прошлом и настоящем» (1958), «Белый конь» (1968), «Серый ястреб» (1972), «Вся жизнь впереди» (1974) және т.б. көптеген шығармалары орыс тілінде жарық көрді.
   Жалпы әдеби шығармашылықпен қатар, көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. М.Ю.Лермонтовтың «Измаил-бей», П.Павленконың «Бақыт», Г.Николаеваның «Орақ үстінде», А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» шығармаларын, А.С.Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
   Тәкен Әлімқұлов 1987 жылы Алматы қаласында дүниеден озды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Т.Әлімқұловтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның шығармалары және ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған көптеген мақалалар  мен естеліктер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование