KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884482
2019 жылы:  18197
бүгiн:  273
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.11.2018

   2018 жылғы 21 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда ұлы парсы ақындары Омар Хайям, Рудакидің шығармашылығына және Бирунидің ғылыми мұраларына арналған «Ұлы шығыс жұлдыздары» атты әдеби кеш өтті.

   Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Шығыстану факультетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
   Әдеби кешті танымал ғалым, профессор Ислам Жеменей жүргізді.
   Кеш қонақтары: Үндістанның ғалым-зерттеушісі, профессор Мансура Хайдар, жас шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты Айнаш Қасым, салыстырмалы зерттеуші Балтабек Өміряев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттері.
   Кешке Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы П. Әкімбекованың дайындауындағы слайд-шоу көрсетілді. Кітапханашылар М. Жақсыбаева мен  А. Жолдасбай өлеңдер оқып,  кітапханашы Д.А. Ағыманова кітап көрмесімен таныстырды.
   Кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері және ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары қатысты.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Ұлы шығыс жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Омар Хайям, Рудакидің шығармашылығы мен туындылары қазақ, орыс, ағылшын және парсы тілдерінде, сондай-ақ басқа да әлем тілдерінде Бирунидің еңбектері ұсынылды.

     

     

                                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование