KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056702
2019 жылы:  122237
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2018

   2018 жылғы 20 қарашада Кітапханатану залында "Қазақ газеттері" ЖШС жанынан құрылған "Наркескен" - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының алғашқы отырысы өтті.

   Оның алғашқы отырысы — «Аудармадағы түйткілдер» деп аталады. Қазақстан тәуелсіздігін алған 27 жылдың ішінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткен 30 жылда қазақ тілінің ғылыми әлеуеті қаншалықты артты? Қазақ тілінің термин жасау мүмкіндіктері қандай? Жаңадан қабылданған терминдер көпшіліктің көңілінен шыға ма? Аударма жасау барысында аудармашылар қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болады? Отырыстың талқысына түскен мәселе осы болды.
Дөңгелек үстелге Kazgazeta.kz веб-сайтының редакторы Есенгүл Кәпқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тілі білімі институты    директорының орынбасары Сәрсен Құлманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және филология» факультетінің деканы Бағлан Мизамхан, «Мемлекеттік тілді дамыту» институтының атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек, «Ұлттық аударма бюросының» қызметкерлері, белгілі журналистер, редакторлар Сәкен Сыбанбай мен Есей Жеңісұлы және т.б. аударма мәселесімен шұғылданып жүрген мамандар қатысып,  аудармадағы қазіргі негізгі мәселелер, термин қалыптастырудағы қиындықтар жайлы өз пікірлерін ортаға салды.

     

     

                                               

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование