KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884527
2019 жылы:  18242
бүгiн:  318
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2018

   2018 жылғы 23 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Төрегелді Шармановтың «Қас-қағым» кітабының тұсаукесері өтті.

   Кітапта Төрегелді Шарманұлының өмірі мен қызметін көрнекі бейнелейтін фотосуреттер топтастырылған, сондай-ақ, еліміздің белгілі қоғам, өнер қайраткерлерінің академиктің өмірі мен еңбек жолына арнаған мақалалары жарық көрген.
   Кеш модераторы медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы болды.
   Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов,  «Атамұра» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы, профессор, ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» РМК директоры Кайдарова Диляра Радикқызы, кинорежиссер, продюсер,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азимов Сергей Жұмабайұлы, Қазақ тағамтану академиясының профессоры Ахметов Алдаш Ахметұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің деканы Буралхиев Батырхан Азимханұлы сөз сөйледі.
   Шара соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және Ресей медицина ғылымдарының академигі, Қазақстанға еңбек сіңірген қоғам қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шарманов қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тарту етті.

     

     

     

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование