KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056697
2019 жылы:  122232
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2018

   2018 жылғы 27 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласының аясында мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жұмабек Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (қазіргі Береке және Қойгелді ауылдарының ардасында). Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түркіменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
   Көрмені Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария», «Технология және биоресурстар» факультеттерінің 3-4-курс студенттері тамашалады.

     

                                    

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование