KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888784
2019 жылы:  22499
бүгiн:  1
қазiр:  82
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.11.2006
Баспасөз-релиз
ҚР Ұлттық кітапханасы                                                    29 қараша 2006 жыл
Алматы, Абай даңғылы, 14                                              9.00-ден –  18.00 дейін           
 
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандағы Пушкин жылына байланысты «Сөйлейді Пушкин қазақша» атты республикалық конференция өткізеді.
     Жыл басынан бері өткізіліп жатқан Ресейдегі Абай, Қазақстандағы Пушкин жылы екі ел ұрпақтарының басын қосып, достықтарының биіктей түсуіне шарапатын тигізетін  ұлағатты шаралар.
    Қазақ даласының А.С.Пушкинмен байланыстарын толғанып, сүйсініп айтатын белгілі ақындардың қатарында Кәкімбек Салықов, Ұлықбек Есдәулет, Өтеген Күмісбаев, Бауыржан Жақып, т.б.
   «Біздің Пушкин» тақырыбында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахманов, «Қазақстан кітапханалар әлеміндегі Пушкин» туралы ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары және Орал облыстық кітапханасының кітапханашысы сөз сөйлейді.  Сонымен бірге Қазақстанның барлық облыстарынан кітапханашылар өздерінің А.С.Пушкинге байланысты қандай іс-шараларын өткізген-дігін баяндайтын стендерін көрмеге қояды.
   ҚР Ұлттық кітапханасы «Орыс поэзиясының сөнбес күні – қазақ елінде» атты кітап көрмесін оқырмандарға ұсынады. Көрмеде қазақ әдебиетінің ұлы классиктері Абай, Шәкәрім, И.Жансүгіров, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин шығармаларымен қатар қазіргі жас ақындар аудармалары қойылды.
   «Сөйлейді Пушкин қазақша» конференциясында ақындардың Пушкинге арнау өлеңдері оқылып, студенттердің сахналық қойылымынан қысқаша көріністер көрсетіледі, сондай-ақ,  қазақ тіліндегі Пушкин әндері орындалады.
    Конференциясының қортынды бөлімінде Пушкин шығармаларының көркем оқылуына, ұлы ақынға арнау өлеңдерге және оның шығармаларын насихаттаудағы жеңімпаз кітапханашыларды марапаттау рәсімі болады.
   Конференцияға әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, кітапхана директорлары мен мамандар, студенттер және Алматы, Астана зиялы қауымдары қатысады.
   Қазақ даласындағы А.С.Пушкиннің рухы мәңгі өлеңдерінен нәр алуға келем деушілерге есігіміз ашық..
 
Анықтама  телефондарымыз:       67-28-83,  72-31-30
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование