KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056755
2019 жылы:  122290
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2018

   2018 жылғы   18 – 24 қараша аралығында  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандар тобы еліміздің өңірлік кітапханаларына  «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көп деңгейлі әлеуметтік мәдени институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі резолюциясының шешімін орындау, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік  көмек көрсету мақсатында Түркістан облысына және Шымкент қаласына іссапармен барып қайтты.

   Делегация құрамы:  Бекпулатова А.К., сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі (іссапар тобының жетекшісі); Мамбаева А.Б., ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі; Сыдықжанова Ф.У.,  ақпараттық ресурстар қызметінің топ жетекшісі; Сарсенова Н. Е., ақпараттық ресурстар қызметінің  кітапханашысы; Сарсенбаева Г.Н., сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің кітапханашысы.
   Мамандар «Отырар» атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына, А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына, Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасына,   Ы.Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасына (Шымкент қ.); Түркістан қалалық кітапханасына (Түркістан қ.) барды.
   Іссапар барысында Ұлттық  кітапхана  қызметкерлері  облыстық, аудандық, ауылдық кітапханалардың қызметімен, қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып,   кітапхана ісінің басым бағыттары бойынша әдістемелік кеңестер берді және іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасуға, көптеген  толғандырған көкейкесті сұрақтарды талқылауға мүмкіндік алды.
   Осындай шаралардың республикадағы кітапханашы мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге және жетілдіруге ықпал ететіні сөзсіз.

 

     

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование