KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884674
2019 жылы:  18389
бүгiн:  465
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.12.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай  «Қазақ әдебиетінің зерттеушісі» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев 1918 жылы 5 желтоқсанда Орал облысы, Тайпақ  ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1943 жылы   Орал   педагогикалық   институтын  бітірген.  Ұлы   Отан   соғысының  ардагері.
   1943-1953 жж. Х.Сүйіншалиев А.С.Пушкин атындағы Орал педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі, аға мұғалім, 1953 ж. С.М.Киров атындағы қазіргі (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)  Қазақ мемлекеттік университетінде  мұғалім, доцент, профессорлық қызмет атқарды. 1952 ж. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітіріп, Абайдың «Қара сөздері» тақырыбында кандидаттық, ал 1969 жылы «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты тақырыппен докторлық  диссертация қорғаған.
   Х.Сүйіншәлиев  белгілі ғылыми қызметкер, әдебиетші, ұлағатты ұстаз, профессор. Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері  қазақ әдебиетінің тарихын қалыптастыру кезеңіне, ұлы ақын А.Құнанбаевтың әдеби-сын және оқыту теориясына арналған.     400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ж.Жабаев (1955),  А.Құнанбаев (1958),  Дастандар (1960),  Қазақ әдебиетінің қалыптасу даму кезеңдері (1967),  ХV- ХVII ғасырдағы қазақ әдебиеті (1973),  ХVIII- ХIХ ғасырдағы  қазақ әдебиеті (1975),  Ізденіс іздері (1976),  Саңлақтар сарабы (1979), Ғасырлар поэзиясы (1987),  Қазақ әдебиетінің тарихы (1998) және т.б.
   Х.Сүйіншәлиев 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1984 ж. Қазақстан Республикасы   жоғарғы мектебінің  еңбек сіңірген қызметкері.  Қазақстан  ҒА-ның  Ш.Уәлиханов  атындағы   сыйлығының жүлдегері.  2010 ж.   14 сәуірде  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлына естелік мұражай ашылды. Мұражайға ғалымның ордендері, медалдары және ғалымның ғылыми еңбектері табысталды. Орал қаласының құрметті азаматы.
   Х.Сүйіншәлиев 2006 жылы Алматыда қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың өмірі мен шығармашылығына арналған әр жылдары басылып шыққан еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары мен ғалым туралы естеліктер қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
               

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование