KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885000
2019 жылы:  18715
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.09.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында биші, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың 80 жасқа толуына арналған «Қазақстан балетінің падишасы» атты кітап көрме-сі ұйымдастырылды.

   Аюханов Болат Ғазизұлы 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында туған. Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің класы бойынша, Санкт-Петербордағы А.Ваганова атындағы би академиясын, ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1957-1959 жылдары Қазақ опера және балет театрының бишісі болды. 1965 жылы биші И.Манскаямен бірлесіп «Екі актер театрын» ұйымдастырды. 1967 жылы «Алматының жас балеті» ансамблін құрған. 2003 жылдан бастап «ҚР Мемлекеттік академиялық би театры».Сол жылдан бастап осы ансамбльде билер мен хореографиялық миниатюраларды, композицияларды («Аққу», «Айтыс», «Аңшылар биі», «Жайдарман»), бір, екі актылы балеттерді (М.Равельдің «Болеросы», В.Булгаровскийдің «Қазақ сувенирі», А.Исакованың «Гамлет», «Жарыс», «Батырлары», Т.Қажығалиевтің «Керуені», Н.Закировтың «Мәңгүрті», Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы») сахнаға қойды. Сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Ш.Жиенқұловамен бірге), Д.Шостаковичтің 4-ші симфониясы бойынша «Қылмыс пен жаза», П.Чайковский мен М.Плетневтің «Евгений Онегин», Ф.Шопеннің «Шопениана», «Пахита» балеті негізінде қойылған гран па (жеке өзінің хореографиялық болжамдары) тәрізді жұмыстары қазақ балетінің ғана емес, дүние жүзілік балет тарихына енген жаңалықтар болды.  Отыз жылдан астам Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген. Оның 1988 ж. «Өнер» баспасынан «Мой балет» атты кітабы жарық көрді. «Биография чувств», «Витражи балета» атты кітаптары бар.
   Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.
   «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование