KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884678
2019 жылы:  18393
бүгiн:  469
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.12.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында суретші, кескіндемеші Ақанаев Амандос Әтібекұлының 70 жылдығына арналған «Амандостың өнер әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ақанаев Амандос Әтібекұлы 1948 жылы 19 қарашада Алматы облысының  Еңбекші ауылында туған. Әкесі - Ақанай Әтібек шопан болған. Анасы - Ақанаева Бибіхан  халықтық өнердің ісмер-шебері. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірген (1968), суретші. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі, «неотрадиционализм» стилінің және өзі алғаш рет станок шығармаларға ендірген рельефтік кескіндеме технологиясының негізін қалаушы. Кескіндемедегі жаңа бағыт - рельефтік стильдің және «Ақанаев династиясы» мектебінің негізін салушы. Ол металл, тоқыма, ағаш және басқа материалдардан алынатын мүсіндік элементтерді кескіндеме тініне табиғи қабыстыра енгізеді. А. Ақанаевтың ұсыныстары негізінде ҚР Көркемөнер академиясының бағдарламаларында бірқатар басым жобалар жүзеге асырылуда, атап айтқанда «Қазақстан номадтарының қорғандық кешендері мен тастан қашаған өнімдері» жобасы. Бейнелеу өнерінің түрлері - дизайн, монументалдық өнердің сәулеті, кескіндеме, мүсін. Жұмыстары әлемнің және ТМД елдерінің ең ірі мұражайларының: Мемлекеттік Третьяков галереясында, Шығыс мұражайында (Мәскеу қаласы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (Алматы қаласы), Президенттің мәдениет орталығында (Астана қаласы); Астана, Павлодар, Көкшетау қалалары мұражайларының, Виллафамес Қазіргі өнер мұражайының (Испания), Балтимор өнер мұражайының (АҚШ) топтамаларында; сондай-ақ АҚШ, Германия, Ресей, Англия, Франция, Бельгия, Италия, Швеция,Швейцария, Лихтенштей, Дания, Үндістан, Пәкстан, Египеттің жеке топтамаларында сақталуда. Шығармалары отандық, шетелдік және халықаралық көрмелерде қойылады (1968 жылдан). 1968 жылдан Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кескіндеме және композиция, кескіндеме және графика технологиясының оқытушысы. КСРО (1978), ҚР Суретшілер одағы басқармасының; ҚР Көркемөнер академиясының бас сарапшысы (2006 жылдан); ЮНЕСКО жанындағы Сыншылар мен өнертанушылар халықаралық қауымдастығының (АІСА, 1986) мүшесі.
А   мандос Аканаев ҚР Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2010). КСРО Суретшілер одағының көптеген грамоталарымен, сыйлықтарымен (1978-1987), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1981) марапатталған. КСРО Көркемөнер академиясының стипендиаты. World Master (2010). Алматы облысы Талғар ауданының Құрметті азаматы (2010).
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың кітап, мерзімдік басылымдар қорынан Амандос Ақанаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование