KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056618
2019 жылы:  122153
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2018

   2018 жылғы 12 желтоқсанда  Н.Дәулетова атындағы залда филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты.
   Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақова - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ол Америка биография институтының «Ғылым адамы - 2004» сыйлығының және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Саңлақ автор» медалінің иегері.
   Әдебиеттанушы А.Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» атты еңбегі  ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арнаған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталғандығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі. Сонымен қатар, кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасы несімен құнды болатыны жан-жақты талданды.
   Іс-шарада  шығыстанушы, дінтанушы Әбсаттар Дербісәлі, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, Уәлихан Қалижанов, Жұмабай Шаштайұлы, Зейнолла Бисенғалиев, Дандай Ысқақ, Жадыра Тойбай сөз сөйледі.
   Шараны филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов жүргізді.
   Іс-шараға белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері және оқырмандар қатысты.

     

     
 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование