KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056659
2019 жылы:  122194
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2018

   2018 жылғы 12 желтоқсанда  «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жұмысы  аясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау мақсатымен Алматы қ. Этномәдени бірлестіктері өкілдерінің  ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандарымен  кездесуі өтті.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың  әл-ауқатын арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы толығымен әлеуметтік сипатқа ие. Президент қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің сапасы мен өсуі: отбасы мен жастар, тұрғын үй және жалақы, жергілікті жолдар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және шағын бизнес, әлеуметтік даму және құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселелеріне байланысты міндеттерді белгілейді.
   2019 жыл  жастар жылы деп жарияланды. Жолдаудағы стратегиялық маңызды міндет жастар мәселесін шешіп, жас ұрпаққа қамқорлық жасау, тұрғын үй мәселесін шешу. Бұл шаралар жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, мансап үшін лайықты жағдайлар жасауға және отбасылық өмірді бастауға бағытталған.
   Іс-шараға қатысушылар: белгілі қазақстандық жазушы, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Ашири, оқырмандар мен кітапханашылар қатысты. Жазушы ел Президентінің өмір сапасын жақсарту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері, Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жақсартуға байланысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударды. Жолдау туралы «Қазақстан кітаптары» қызметінің қызметкерлері С.Жақсылықова  мен  И.Ахапова, мерзімді басылымдар қызметінің кітапханашысы Ж.Тырмағамбетов және т.б. кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар өз пікірлерін білдірді. Іс-шара модераторы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Жаркналова болды.

     

     

                                      


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование