KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884697
2019 жылы:  18412
бүгiн:  488
қазiр:  66
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында танымал жазушы, прозашы, аудармашы және публицист Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Әдебиет өнерінің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Асқар Сүлейменов 1938 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы  Түркістан ауданының Шорнақ ауылында туылған. 1959 ж. Абай атындағы педагогикалық институтын (қазіргі Абай атынд. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті),  1962 ж. аспирантурасын бітірген. 
   А.Сүлейменов әр жылдары «Жұлдыз» және «Парасат» журналдарының редакциясында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағында, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарған.
   1961 ж. А.Сүлейменовтің алғашқы әдеби-сын мақаласы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жарияланды. «Бесін» (1970), «Адасқақ» (1988), «Бесатар» (1996) сияқты прозалық шығармалардың, «Арғымақ пен шабандоз», «Кек» (1978, 2002) драмалық жинақтардың, «Парасат падишасы» (1998), «Болмыспен бетпе-бет» (2001) әдебиет пен өнер туралы сыни-эстетикалық еңбектердің авторы.
А.Сүлейменовтің шығармашылығын үш кезеңге бөліп қарауға болады: сыншылық, прозалық және драматургиялық. Оның шығармалары өткір ұшқырлығымен және көркемдік құрылымының өзгешелігімен ерекшеленді. Ол С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», М. Булгаковтың «Жендеттер», Э.Хемингуэйдің «Бесінші колонна» және т. б. қазақ тіліне аударды.
   Жағдайларды шебер баяндағаны үшін ( «Жетінші-палата», «Қаздай жесір - штат қысқарту», «Төрт тақта жайнамаз» драма-диалогтары)  А.Сүлейменов ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленді (1996). Ол қазақ киносының дамуына зор үлес қосты. «Ас» көркем фильмі («Құлагер» режиссері Б. Мансуров), «Арғымақ пен шабандоз» деректі фильмі сценарийлерінің авторы. «Қыз Жібек» кинофильмінде бас редактор қызметін атқарған (1970).
   Қазақстандық белгілі жазушы Герольд Бельгер өзінің «Вблизи и рядом» атты күнделік жазбасында: «Асқар Сүлейменов тек қазақ әдебиетіне ғана емес, ең маңыздысы ұлттың сана-сезімінің оянуына із қалдырып кетті», - деген болатын.
   Асқар Сүлейменов 1992 жылы 15 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.
   А.Сүлейменовтің есімі Созақ ауданындағы (1994) және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы (1999) мектептерге берілген.
   «Әдебиет өнерінің шебері» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Асқар Сүлейменовтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған туысқандары мен жолдастарының мақалалары ұсынылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование