KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056561
2019 жылы:  122096
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2018

   2018 жылғы 20 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытжамал Оспанова ашты.
   Асқар Сүлейменов  1938 жылы 29 желтоқсанда  Оңтүстік Қазақстан облысы  Түркістан ауданының, Шорнақ елді мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1961 жылы “Жол басы”  алғашқы сын мақаласы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған. Ол “Бесін” (1970), “Адасқақ” (1988), “Бесатар” (1996), “Кек” (2001), “Болмыспен бетпе-бет” (2001), шығармаларының авторы және “Арғымақтар мен адамдар” деректі фильмінің (1977), "Ас" ("Құлагер") көркем фильмінің (1976), "Баянел" ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") фильмінің сценарийін жазған.
   Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Асқар Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан «Парасат Падишасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Шараны жазушы, публицист, ғалым - Бейбіт Қойшыбаев жүргізді.
   Іс-шараға Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Смағұл Елубай, Темірхан Тебегенов, Нүкетай Мышбаева, Қанат Төребай, Мәмбет Қойгелді, Әлия Бөпежанова, Досхан Жолжақсынов, Қаракөз Сүлейменова, Сатыбалды Нарымбетов және т.б. ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
      

     

     

                                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование